Астана күні мерекесіне байланысты 8 шілдеде ҚР қаржы нарықтары жабық болады

АЛМАТЫ. 5 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық қор биржасынан (KASE) хабарлағандай, Астана күнінің тойлануына байланысты биылғы 8 шілдеде Қазақстанның қаржы нарықтары жабық болады.
None
None

Бұл күні KASE-де саудалар өткізілмейді.

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс және мереке күндері тұспа-тұс келген кезде мейрамнан кейінгі келесі жұмыс күні демалыс күні ретінде саналады. Бұл жолы Елорда күні сенбіге келіп отыр.

Бұған дейін хабарланғандай, мерекеге орай қазақстандықтар үш күн демалады.

Соңғы жаңалықтар