Астана күні Шығыс Қазақстанда 23 нәресте дүниеге келді

None
ӨСКЕМЕН ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында Астана күнінде 23 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, 6 шілде – Астана күнінде көптен күткен сәбилері дүниеге келген шығысқазақстандық аналар үшін қос мереке болып отыр.

Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының барлық қала, ауданында 23 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 14-і ұл, 9-ы қыз.

«Мен кішкентайымыздың Астана күнінде туғанына өте қуаныштымын. Бұл мереке халқымыз үшін әрқашан ерекше, ал биыл Астанамызға 25 жыл толды. Біздің үлкен отбасымыз үшін бұл күн енді қос мереке болады. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Аспанымыз ашық болсын», - дейді аналардың бірі.

Естеріңізге сала кетсек, облыста Астана күніне орай барлығы 127 ауқымды шара өтіп жатыр.


Соңғы жаңалықтар