Астана күнін жаппай тойлау немесе көше билері

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық Азияның ірі фестивальдерінің бірі «InternationalStreetDanceSessioninAstana 2017» Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 8-ші рет өткізілуде. ISDS фестивалі - Қазақстан мен таяу шығыстың ең үздік бишілері кездесетін алаң, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Астана күнін жаппай тойлау немесе көше билері

Әкімдік алдындағы алаңда жүздеген жасөспірім жиналып, би алаңына шықты. Ауа райы да қарайласқан бұл күнде адамдардың көң-күйі көтеріңкі, бұқара болып жаппай тойланды. 

2

Бишілердің бұл байқауы алғаш рет 8 жыл бұрын өткізілген болатын. Байқаудың ұйымдастырушысы - танымал қазақстандық хореограф Нұрсұлтан Тәшенов. Ол әлемдік деңгейдегі белді бишілермен жұмыс істеген. Тәжірибе алмасу үшін Қазақстан мен өзге де шет мемлекеттерден жыл сайын жүздеген биші ISDS фестиваліне келеді. 

3

Шараның басталуына 10 минут қалған сәт. Сахнаға шығу алдындағы соңғы дайындық. 

4

Алматы қаласынан келген 22 жастағы Айжан house және waacking стилінде биден өнер көрсетті. Оның бимен айналысқанына 8 жыл болған. Би оның сүйікті ісі, хоббиі. 

5

Көше биіне тек кәсіби бишілер ғана емес, сондай-ақ биді сүйетін жас балалар қатысты. Астана қаласының тұрғыны, 21 жастағы Әділеттің бимен айналыса бастағанына небәрі жарты жыл болған. Оның сөзіне қарағанда, бидің көмегімен ол өзін-өзі дамытып, сергек сезінеді, жақсы көңіл-күйде жүреді. 

6

Бас шаһарымызға келген Францияның 35 жастағы тұрғыны өзінің әсерімен бөлісті. Бишілер онымен сөйлесіп, қызу пікірталас ұйымдастырса,  қонақтар суретке түсуге асықты.  Meech de France - көше биінің танымал бишісі, жарысқа қазылар алқасы ретінде келген. Оның Қазақстанға келуі алғашқы емес. Ол еліміздің бай мұрасын, ең көрікті жерлерін қызықтады. Халқымыздың қонақжай екенін атап өтті. 

7

Би жарысы кесте бойынша сағат 19.00-де басталды. Сахна алдына көрермендер көптеп жиналды. 

8

Бидің қыр-сырын көрсеткен 12 жасар Лиза Яковенко көрермендер  мен қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. 

9

Фестивальде ешқандай шектеу болған жоқ. Бостандық рухына бөленген бишілерге риза болған көрермен тамаша қойылымға көзайым болып қайтты.          

0

Бірнеше сағатқа жалғасқан би жарысы әп-сәтте өтіп кетті. Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, алдағы уақытта Қазақстанда бимен айналысқысы келетіндердің қатары көбейеді. 

11