Астана күнінде Лайма Вайкуле, Анита Цой, Ани Лорак, Батырхан Шүкенов бір сахнадан ән шырқайды
АСТАНА. 9 маусым. ҚазАқпарат - Астана күнінде Лайма Вайкуле, Анита Цой, Ани Лорак, Батырхан Шүкенов қазақстандық «хитмейкер» Еркеш Шакеевпен бірге бір сахнадан ән шырқайды
«Еркештің 50 хиті» авторлық кеші мерекелік күндердің шарықтау шегіне айналады. Ресейлік танымал әншілер өздері үшін Еркеш арнайы жазған сазды әндерді шырқайды. Ал кеш иесі көрермендерге өзінің танымал хиттері мен жаңа әндерін паш ететін болады.
Композитордың «Никому я тебя не отдам», «Девочка в платьице белом», «Нелюбимая», «Белая река», «Донна Осень», «Стоп, ночь», «Солдат любви», «Первое утро столицы», «Твои шаги», «Fashion girl» сынды танымал әндері бар.