Астана күніне арналған веложарыс өтті

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Астана күніне арналған веложарыс өтті.
None
None

Велошабандоздар жарысы елорданың сол жағалауындағы «Бәйтерек» монументі жанынан басталып, Тұран, Қабанбай батыр, Ақмешіт көшелері арқылы жалғасты. Жарыс жолы 3 шақырымды құрады.

Аталған спорттық шараны ұйымдастырушылардың бірі Нұржан Әубәкіровтің  атап өтуінше, елорда күні аясында жыл сайын өткізіліп кете жатқан бұл жарысқа биыл еліміздің бірқатар өңірлерінен спорттың осы түрін жанына серік еткен жас балғындар келген. Сонымен қатар Ресейден де келген велешабандоздар бар.  Жалпы, екі кезеңмен өткен  жарысқа 150-ге жуық спортшы қатысты.

Айта кетерлігі, бұл жарыс елімізде өтіп жатқан республикалық көпкүндіктің кезекті кезеңдерінің бірі ретінде ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Соңғы жаңалықтар