Астана күніне қарай елордалықтардың назарына Есіл өзенінің жағалауында өткізілетін бірегей лазерлік шоуы ұсынылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 4-5 шілде күндері Есіл өзенінің жағалауында «Нұрлы Есіл» мультимедиялық пиротехникалық шоу болады. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатының барысында «Астана қаласының мәдениет басқармасы» ММ басшысы Болат Мажағұлов хабарлады.

Астана күніне қарай елордалықтардың назарына Есіл өзенінің жағалауында өткізілетін бірегей лазерлік шоуы ұсынылады

«Астанада өтетін тағы бір көлемді ойын-сауық шарасы - аса ауқымды «Нұрлы Есіл» мультимедиялық пиротехникалық шоуы. Бұл бірегей визуалдық шара 4-5 маусым күндері Есіл өзенінің акваторийінде өтеді», - деп атап өтті Б.Мажағұлов.

Оның айтуынша, судың үстінде орнатылған оркестр ойнайтын сахналық платформа бұл шоудың ерекше элементі болмақ. Репертуар қазақ халқының танымал шығармалары мен осы заманға лайықталған классикалық композициялардан тұрады. «Сахнаның жан-жағында орнатылатын түрлі биіктіктердегі субұрқақтарға жаңа лазерлік технологиялардың қолданылуымен түрлі-түсті, көркем безендірілген бейнероликтер көрсетіледі. Шараның соңғы салтанатты актісі эстрадалық-симфониялық оркестрдің орындауындағы пиротехникалық шоу болмақ», - деп баяндады елордалық мәдениет басқармасының басшысы.

Биыл Астана күні «Ел жүрегі - Астана» лейтмотивімен өткізілетінін атап өтейік. Бұл ретте мерекелеудің басты тақырыптары атаулы мерейтойлық даталар: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы болады.