Астана күніне орай Алматыда алты елдің балуандары бақ сынайды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 6 шілде - Астана күніне орай Алматыда еркін күрестен алты елдің жас балуандары арасында халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, аталған дода Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтпек. Оған Қазақстан, Ресей, Иран, АҚШ, Украина және Өзбекстан елдерінің жас спортшылары қатысады деп күтілуде. Қазақстан құрамасы сапында еркін күрес Академиясында оқып, жаттығатын балуандар сынға түседі.