Астана күніне орай «Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ жаңа кешені ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біздің өмір сүруіміздің ажырамас бір бөлігі электр энергиясы болып табылады. Онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес: жарықтандыру, лифттер, тұрмыстық техника, банкоматтар мен компьютерлер электр энергиясына тікелей байланысты. Осы қиындықтарды сезінбес үшін Астанада энергетикалық кешен жыл өткен сайын дамып келеді.
Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Астанада жақын арада «Астана - Аймақтық Электржелілік Компаниясы» АҚ жаңа әкімшілік-тұрмыстық кешені ашылады. Жаңа кешен Комсомольский кентінде Домалақ ана көшесі, 7 мекен-жайы бойынша орналасады. Ол қаланың энергия жүйесінің тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етеді.
«Оны ашу 4 шілдеге жоспарланып отыр. Біздің кәсіпорын құрылғалы бері бізде жөндеу шеберханалары, асханасы, киім ілетін бөлмесі, жуынатын және тұтынушылармен жұмыс істеуге арналған кабинеттер кешенімен жеке ғимаратымыз болады. Бұл жаңа ғимаратта электронды видеоқабырғалар базасында, жаңа бағдарламалар базасында, шұғыл жаңа сызбалар мен бағдарламалар базасында Еуропадан келген заманауи жаңа диспетчерлер болады», - «Астана-АЭК» АҚ басқармасының төрағасы Александр Смородин.
Бүгінгі таңда қаланың энергия жүйесін дамыту бойынша негізгі жоба - Астана маңындағы «Батыс», «Достық», «Шығыс» үш тірек стансаларының айналасындағы құрылыс аяқталып келеді. Ол электр желілерінің өткізу мүмкіндігін 550-ден 1500 Мвт-қа дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Шағын бекеттер - бұл қаланың электрмен қамту бойынша апаттық жағдайларынан өзіндік сақтандыру. Осы шағын бекеттерден қаланың түрлі бөліктері сәулелермен қоректендірілген және осы желілер арқылы максималды деңгейде бүкіл қалаға электр энергиясын тарата алады.