Астана күніне орай елордада workout жаттығу алаңы пайдалануға беріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - BI Group компаниясы салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Астана күніне орай елордада workout жаттығу алаңын салып бермек.

Астана күніне орай елордада workout жаттығу алаңы пайдалануға беріледі

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында BI Group компаниясы дивизион директоры Максим Чернышов мәлім етті.

"Астана қаласының туған күніне орай, компания қалалықтар үшін тегін workout жаттығу алаңын салып береді. Жаттығу алаңы сол жағалауда орналасатын болады. Онда арнайы жаттығу құрылғыларымен қатар, велосипед тебуге, жүгіруге арналған жолдар салынады", - дейді ол.

М. Чернышовтың айтуынша, жүгіретін жолдың бірінші кезегі 15 мамырда бітеді. Ал 6 шілде күні workout жаттығу алаңы толық пайдалануға беріледі.