Астана күніне орай түркістандық бүлдіршіндер үшін 120 орындық балабақша ашылды
Бұл туралы ОҚО әкімінің баспсөз қызметі хабарлады.
Жергілікті қазынадан 241 млн. теңге қаржыға құрылысы жүргізілген бүлдіршіндердің алтын ұясы заман талабына сай жарақтандырылып, балғындарға қажетті барлық құрылғылармен қамтылған.
Ауыл тұрғындарының қуанышын арттырған осынау салтанатты шараға қатысқан қала әкімі Ә.Өсербаев барша тұрғындарды мерекемен құттықтап, ғимараттың лентасын салтанатты түрде қиды.
Бес мыңнан аса тұрғыны бар қосмезгілдіктер Елбасына алғыс айтып, Сарыарқаның төрінен Астана салып, елімізді ынтымақ пен бірлікке жұмылдырып, әлеуетімізді арттырып отырғандығын айтты.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша биыл 4 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Оның бірі осы «Алтын сақа» балабақшасы болса, қала орталығынан есігін айқара ашуға екінші балабақша да дайын тұр дейді шаһар басшысы. Ал, қасиетті өңірде балаларды балабақшамен қамтамасыз ету көрсеткіші 81 пайызға жеткен.