Астана күніне орайластырылып 8 нысан іске қосылатын болады - И.Тасмағамбетов

АНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының 11 жылдық мерекесіне орайластырылып қалада салынып жатқан түрлі бағыттағы 8 нысан іске қосылатын болады. Бұл туралы бүгін қала күнін атап өту мәселелері бойынша журналистерге арнап өткізген баспасөз мәслихатында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті,

Астана күніне орайластырылып 8 нысан іске қосылатын болады - И.Тасмағамбетов

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала күні қарсаңында берілетін құрылыс нысандары - 30 мың орынға арналған «Жабық стадион», 240 жатын орынға арналған жедел медициналық көмек ғылыми орталығы, локомотив құрастыратын зауыт, 300 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицей, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның әкімшілік ғимараты, сондай-ақ Бөгембай батыр даңғылы мен Можайский көшелері бойындағы көлік көпірлері мен Абылайхан даңғылындағы көлік жолдары.

«Барлық нысандарды шілденің 3-і күні пайдалануға беру көзделіп отыр. Оларды Елбасы Н.Назарбаев жеке аралап, ашылу салтанаттарына қатысатын болады», - деді ол.

Кешкі сағат 19.00-ге жоспарланған «Жабық стадионның» ресми ашылу салтанаты үлкен мерекелік бағдарламамен сүйемелденетін болады. Сондай-ақ сол күні Қазақстан жастар құрама командасы мен «Локомотив» футбол клубының ойыны өтетін болады. И.Тасмағамбетов келуші қонақтарды бұдан өзге көптеген басқа да тосын сыйлықтар күтіп тұрғанын тілге тиек ете келе, оның ішінде аты танымал футболшылардың шақырылуы да барын атап өтті.

Қала әкімі сондай-ақ, Бөгембай батыр даңғылында орналасқан «бүкір көпірдің» құрылысы да қиын әрі проблемаларға толы болғанын жасырмады. Шілденің 3-і күні көпірдің сол жақ бөлігі іске қосылады, ал оны толық көлемде пайдалану тек үстіміздегі жылғы қараша айында мүмкін болады. «Құрылысты жүргізу барысында болған қателіктер мен кемшіліктерді жою мақсатында жаңадан 760 діңгек қағылып, бекітілді. Бүгінде көпірдің сол жақ бөлігінде барлық жұмыстар аяқталып, жолдарға асфальт төсеу шаралары қолға алынып жатыр», - деді әкім.