Астана күніне және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойына орай Мемлекет бас­шы­сының атына Қазақстанның азаматтары мен ұйым­да­рынан көптеген құттықтаулар келіп түсуде

АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат - Отанымыздың елордасы - Астана күніне және Қа­зақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың мерейтойына орай Мемлекет бас­шы­сының атына Қазақстанның азаматтары мен ұйым­да­рынан көптеген құттықтау корреспонденциялар келіп түсуде,
None
None

деп хабарлайды ҚР Пезидентінің баспасөз қызметі.

Хаттар мен жеделхаттардың авторлары - өңір­лердің, облыстық мемлекеттік мекемелер мен қоғам­дық ұйымдардың басшылары, соғыс және еңбек ардагерлері, шығармашылық интеллигенцияның, еңбек ұжымдарының өкілдері, әлеуметтік сала қызметкерлері, оқушы жастар.

"Ардагерлер мемлекеттің моральдық және мате­риалдық қолдауын сезініп отыр. Ұлы Отан соғысына қатысушылар жәрдемақылар, тұрғын үй алды. Бұл үшін Сізге, Нұрсұлтан Әбішұлы, зор рахмет. Шын жү­ректен Астана күнімен және Сіздің, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, туған күніңізбен құттықтаймыз. Барша қазақ­стан­дықтарға табысты даму, береке мен бақыт, ал Сіз­ге, Нұрсұлтан Әбішұлы, денсаулық, ұзақ ғұмыр, біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасының игілігі мен өркендеуі жолында бұдан былай да та­быс­тар ті­лей­міз", - деп жазады өз арнауында Өскемен қа­лалық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы И.Скворцов.

Президенттің атына құттықтау арнау республи­калық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырбек Сү­лейменовтен келіп түсті. Президенттің атына Алматы облысының Ақсу ауданынан келген құттықтау жедел­хатқа Қызылағаш ауылының тұрғыны Мадиназир Рахметов, ауылдық Ақсақалдар кеңесінің жетекшісі Сайлау Алдабергенов, Ақсу ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшесі Дмитрий Ярковский, көпбалалы ана Несіпжамал Алшынбаева және ауданның басқа да тұрғындары қол қойыпты.

Мемлекет басшысының поштасында қазақ ПЕН-клубының мүшелері Әбдіжәміл Нұрпейісовтен, Ше­рияздан Елеукеновтен, Герольд Бельгерден, Анатолий Кимнен, Дулат Исабековтен, Смағұл Елубайдан, Бигелди Ғабдуллиннен келген құттықтаулар бар. Мемлекет басшысын құттықтаушылар қатарында Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин мен жазушы Иван Щеголихин де бар.

"Халықтар арасындағы достықты дамытып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құрып, Сіз бүкіл көпұлтты халықты бір үлкен отбасына біріктірдіңіз", - делінген Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифовтің жеделхатында.

Шығыс Қазақстан облысынан облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, медициналық мекемелердің ұжымдары, өңірдің қатардағы тұрғын­дары ұжымдық жеделхат жолдапты. Қостанайдың тұрғыны Ораз Балқайұлы жыр-толғау түріндегі хат жіберіпті. Жеделхаттар авторларының арасында Орал және Гурьев діндарларының архиепископы Антоний және Орал епархиясының діндарлары бар.

Астана күніне және Президенттің мерейтойына бай­ланысты құттықтаулар Шығыс Қазақстан облы­сының білім беру және балаларды қорғау жүйесінің тұтас топтарынан келіп түсті.

"Сіздің көрегендігіңіз бен күшті саяси ерік-жі­ге­ріңіздің арқасында тұрғызылған Астана қазақ­стан­дықтар үшін елдің ілгері озуының бастапқы нүктесіне айналды. Экономикадағы жоғары көрсеткіштерге қол жеткізудің, халықтың әл-ауқатын арттыру мен білім беруді дамытудың символына айналды", - делінген КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Бі­ті­баева, Қазақстан Республикасының құрметті мұға­лімі Людмила Литовченко, жетім балалар мен ата-анала­рының қарауынсыз қалған балалар үшін білім бе­руді ұйымдастыру жетекшілері республикалар кеңе­сінің төрайымы Майра Бисеқанова қол қойған құттықтауда.

Өз құттықтауларын сондай-ақ Қостанай облысының педагогтары, Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданындағы аурухананың дәрігері Абдолла Оспанқұлов жолдапты.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз - біздің ақылман да әділ көшбасшымызсыз.

Барлық аналардың атынан бізге деген сезімтал­ды­ғыңыз бен қамқорлығыңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Сіз көптеген бірегей осы заманғы ауруханалар, аналар мен балалардың үлкен де жарық орталығын, Астанада Балалардың нәрлендіру орталығын құрдыңыз. Бұл үшін Сізге зор рахмет, Сіздің үйіңізде әрдайым ізгілік пен келісім салтанат құрып, Сізге әркез сәттілік серік болсын", - делінген көпбалалы ана Мәрзия Бейсенбекованың жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаевты көпбалалы ана Бақыт Сейілханова да құттықтапты.

Президент поштасында қазақстандық жастардан келген жеделхаттар өте көп.

"Біз өз Отанымыз - Қазақстанды сүйеміз. Біз оны мақтан етеміз - бұл армандар орындалатын, Сіз - біздің Президентіміз секілді еңбек етіп, халқына қызмет көрсетуге дайын әркімді бақыт күтетін ел.

Сіз - жарқын да таңғажайып адамсыз. Осы за­манғы ең талантты мемлекеттік қайраткерлердің бірі болып табыласыз", - деп жазады "Жас дәурен" қау­ым­дастығы мүшелерінің атынан Павлодар облы­сындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Қанат және Талғат Қайдаровтар, Ислам Қазықов, Дамир Михайлов, Женя Бондаренко және Люба Кадык.

Астана қаласы мектептерінің тәрбиеленушілері, Өс­кемен орта мектептерінің түлектері Нұрлан Қа­напин мен Надежда Мокринскаядан, Солтүстік Қа­зақстан университетінің студенті Елена Косенкодан, сондай-ақ "Болашақ" бағдарламасының тәрбие­ле­ну­шілері Ақерке Абылайханнан, Айман Дастаннан, Ай­ман Қашкейден, Әлібек Қуантыровтан, Ботагөз Қаз­бековадан, Дастан Аспаннан, Дина Ахметовадан, Ма­дияр Қожахметтен, Ерік Қарабаевтан және Кәмшат Нарботаевадан хаттар мен жеделхаттар келіп түсті.

Бүкіл спорт қауымдастығының атынан Президент­ті қысқы Олимпиадалық ойындардың күміс медалисі Елена Хрусталева, ауыр атлетикадан әлем чемпион­дары Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло және Владимир Седов құттықтапты.

Құттықтау авторларының арасында мүлдем жас қазақстандықтар да бар.

"Мен, Өскемен қаласындағы мектепке дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушісі Әйгерім Тұрғанбаева, ең шынайы қуаныш пен бақыт сезіміне бөленіп отырмын. Мен жуырда ғана "Қазақстанның кіш­кен­тай аруы-2010" атағын алдым. Сіздің мерейтой күні­ңіз­де ең ізгі тілектердің орындалуына деген өз сенімім­ді және балаларға деген қамқорлығыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Біздің еркін елімізде ғана балаларға барлық жолдар ашық, тек оқу және арман мен жарқын болашаққа деген сенім керек. Сізге бақыт, денсаулық, туған Қазақстанымыздың даңқы асуы мен өркендеуі жолында жаңа жетістіктерге жету үшін шығармашылық шабыт тілеймін", - деп жазады "Қазақстанның кішкентай аруы-2010".

Соңғы жаңалықтар