Астана құрамасы ҚР І қысқы Жастар ойындарының үздік үштігіне кірді
АСТАНА. 14 сәуір. ҚазАқпарат - Астана қаласының құрамасы Қазақстан Республикасы І қысқы Жастар ойындарының жүлделі үшінші орнына ие болды, деп хабарлайды елордалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Кешенді жарыстар 13 қысқы спорт түрі бойынша 16 ақпан мен 14 сәуір аралығында ұйымдастырылды.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды 508 ұпай жинаған Шығыс Қазақстан облысының құрамасы иеленді. Алматы құрамасы 484 ұпай жинай отырып, екінші орынға шықса, 400 ұпай алған Астана құрамасы үшінші орынды қанағат тұтты.