Астана құрылысына елеулі үлес қосқан отандық және шетелдік компаниялардың бір топ басшылары мемлекеттік наградалармен марапатталды

Осыған орай бүгін қала басшысы Иманғали Тасмағамбетов Елбасының тапсырмасымен оларға мемлекеттік наградаларды табыс етті. Сонымен ІІ дәрежелі «Достық» орденімен «Rixos» қонақүйлер желісі Директорлар кеңесінің басқарма төрағасы Феттахе Таиндже, «Сембол Иншаат» АҚ Директорлар кеңесінің басқарма төрағасы Туфан Айтекін Гүлтекін, «Құрмет» орденімен «АҚҚБ Жаңа құрылыс» ЖШС-нің директоры Гүлнар Ыбырайымбаева, «ИСК «ASI» ЖШС-нің директоры Сергей Котляров марапатталды.
Ал «Ерен еңбегі үшін» медалі «Сембол Улусларарсы» АҚ филиалының жұмысшылары Кенжебек Ибрагимов пен Балтабай Серкебаевқа, «Базис-А корпорациясы» ЖШС №1 филиалының директоры Сейітжапар Әлімжановқа табыс етілді. Сондай-ақ Базис-А корпорациясы» ЖШС №1 филиалының атқарушы директоры Нұрлан Бердиев Қазақстан Республикасының құрмет грамотасын алды.