«Астана қыраны» ертең, жексенбіде анықталады

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Ертең, 8 шілде күні сағат 16.00-де «Дәулет» спорт кешенінде қазақ күресінен «Астана қыраны» жарысының салтанатты ашылу рәсімі мен басты жекпе-жектері өтетін болады,

«Астана қыраны» ертең, жексенбіде анықталады

деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбесі және спорт басқармасының баспасөз қызметі

Бұл күні елорданың үздік палуандары мен қатысам деушілердің бәрі  боз кілемде сынға түседі. ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің «Астана қыраны»  іріктеу жарысы үздіктерді анықтап, жеңімпазға басты жүлдені сыйға тартады. Түйепалуандар сайысы сағат 16.00 басталмақ.

Жарыстың жүлде қоры - 1 миллион теңге. Көреремендер арасында бағалы сыйлықтар үшін ұтыс ойын өткізіеді. Кіру тегін.