Астана-Қырқыншы учаскесінде жолаушылар пойыздарының қозғалысы мерзімінен бұрын қалпына келтірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңғы сағат 9-да Астана-Қырқыншы учаскесінде жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 22 мамырында сағат 00-ден бастап 12-ге дейін «Жылу магистралі» жобасының аясында монтаждау жұмыстары өткізілуі тиіс болды. Осыған байланысты 19 жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі өзгертілген.