Астана локомотив депосының кәсіпорын ұжымы осында жұмыс істеген Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Жеңіс күні қарасыңында «Локомотив» АҚ-ның филиалы - пайдалануға берілген Астана локомотив депосында дәстүр бойынша кәсіпорын ұжымында кезінде қызмет істеген Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесу өткізді.
None
None

Бұл туралы «Локомотив» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Ардагерлер арасында Анна Диденко, Анисий Рогин және Антон Адольфович Недашковскийлар бар. Олардың балалық шағы аштықта, жастығы соғыспен бірге өтіп, соғыс жылдарынан кейінгі қиындықтарды бастан кешірген.

Кездесу майданнан оралмаған депо қызметкерлерінің аты жазылған тақтайшаға гүл қою рәсімімен аяқталды. Жалпы «Локомотив» АҚ есебінде Ұлы Отан соғысының 133 ардагері тіркелген. Оларға кәсіпорын атынан бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар