Астана LRT қар тазалау жұмыстарын ыңғайлы уақытта жүргізуді өтінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы қоғамдық көліктерге жауапты «Astana LRT» компаниясы қар тазалаушы кәсіпорындарға бірнеше ұсыныс жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өз тарапымыздан мынадай ұсыныстарымыз бар: қар жинау жұмыстары бірінші кезекте көлік көп жүретін учаскелерде жүргізілгені абзал. Сонымен бірге, аялдаманың автобус келіп тоқтайтын аумағын қардан тазартуды өтінеміз. Дегенмен, таңғы сағат 08.00-09.00 аралығында қар тазалау жұмыстарын жолдың шеткері немесе жүктемесі аз учаскелерінде жүргізсеңіздер дұрыс болар еді. Яғни таңертеңгі уақытта көлік көп жүретін учаскелерде қар тазаламауды өтінеміз», - делінген «Astana LRT» компаниясының хабарламасында.

Компанияның хабарлауынша, қар жауғанына байланысты қала көшелерінде туындайтын кептелістер қоғамдық көліктің кестеге сай уақтылы жүруіне кедергі келтіреді.

Соңғы жаңалықтар
telegram