Астана LRT орталық кассасы мереке күндері жұмыс істемейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мамыр айындағы мерекелерге байланысты Қошқарбаев көшесіндегі орталық касса мереке жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана LRT орталық кассасы мереке күндері жұмыс істемейді

9, 10,11 және 12 мамыр күндері Қошқарбаев көшесі 50/1- де орналасқан орталық касса жұмыс істемейді. Қалған мамандандырылған кассалар әдеттегі тәртіп бойынша қызмет көрсетеді.

«Компания мерекелердің қарсаңында көлік карталарын уақытылы толтырып жүруді сұраймыз! Көлік карталарының теңгерімін RTVM терминалдарда, мамандандырылған кассаларда және лезде толтыру пунктерінде толтыруға болады. Мекен-жайларын біздің www.alrt.kz ресми сайтымыздан таба аласыздар», - дейді компания баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.