«Астана LRT» орталық кассасы жаңа мекенжайға ауысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» ЖШС орталық кассасы жаңа мекенжайға ауысты. Айта кетсек, қолма-қол қаражатты қайтару, жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарын жаңадан ашу қызметтері осы орталық кассада көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана LRT» орталық кассасы жаңа мекенжайға ауысты

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, жаңа мекенжайға көшкен орталық кассаның қызмет қызмет көрсету терезелерінің саны 6-дан 10-ға артады.

«12 қарашадан бастап орталық кассаның мекенжайы өзгертіледі. Жаңа мекенжай: Қошқарбаев көшесі, 50/1. Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршрут қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін қамтиды. Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен», - делінген таратылған ақпаратта.

Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 08:30-18:00 аралығында, үзіліссіз.