«Астана LRT» орталық кассасының мекенжайы өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» ЖШС орталық кассасы қызмет көрсету терезелерінің санын көбейтеді. 6 терезеге тағы 4 қызмет көрсету терезесі қосылмақ, осылайша 10 техникалық қызмет көрсету терезесі жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
12 қарашадан бастап орталық кассаның мекенжайы өзгертіледі. Жаңа мекенжай: Қошқарбаев көш., 50/1.
Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді. Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды.
Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды. Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен, сондай-ақ келесідегідей артықшылықтары бар:
- Қызмет көрсету терезелерінің саны артады, сәйкесінше кезек азаяды;
- Ауқымды күту залы;
- Заңды тұлғалар үшін жеке қызмет көрсету аумағы;
- Дәретхана;
- Балаларға арналған ойнау бұрышы;
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма, 08:30-18:00-ге дейін, үзіліссіз.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана LRT» ЖШС-нің орталық кассасында қолма-қол қаражатты қайтаруды жүзеге асыра аласыз.
Сондай-ақ, жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарын жаңадан алуды жүзеге асыра аласыз.