«Астана LRT» жеңілдік карталарын беру процедурасын оңайлатады
«Аталған краталарды енді ғана алмақ болған зейнеткерлер туралы мәліметтер базаға тек 3 айдан кейін ғана түседі. 3 ай барынша ұзақ мерзім. Таяу аралықта база аптасына бір рет жаңартылып тұратын болады. Біз жеңілдігі барларға көлік картасын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына зейнетақы кітапшасын алған кезде бірден беру мүмкіндігін қарастырудамыз. Сонда аталған картаны алу барысында жеңілдікке ие азаматтардың ұзын-сонар кезегіне қатысты мәселе шешіледі», - деді «Астана LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің жетекшісі Науат Азанбаева.
Оның айтуынша, қоғамдық көлікте жол жүруге арналған картасы бар жеңілдікке ие азаматтардың басым бөлігі карталарын валидатордан өткізгісі келмейді. Ал ол алдағы жылдары бюджетті қалыптастыру үшін өте маңызды.
«Атаулы көлік картасын да міндетті түрде валидатор арқылы өткізу қажет. Жеңілдікке ие азаматтар карталарын көрсетеді де оны валидатордан өткізбейді. Сол арқылы сапарларын тіркемейді. Мүмкін валидаторға жету қиындау болар. Бірақ, автобустан түсіп бара жатқан кезде валидаторға тіркелу қажет. Осындай жайттарға бірнеше мәрте куә болдым және барлық уақытта аталған процедураның маңыздылығын түсіндіремін», деді ол.
Н. Азанбаеваның сөзіне қарағанда, жергілікті бюджет тасымалдаушы шығындарының бір бөлігін өтейді.
«Жалпы Астанада 114 мың жеңілдікке ие азамат тіркеліп, 76 мың карта берілді. Солардың тек 51 мыңы ғана карталарын валидатордан өткізеді. Біз кондукторларға жеңілдік картасын міндетті түрде валидаторлан өткізуді тапсырдық», - деді ол.