Astana LRT жобасы қандай жаңа технологиямен салынып жатыр

Astana LRT жобасы
Фото: Kazinform/Мұхтар Халимолла

АСТАНА. KAZINFORM – Қытайлық China construction компаниясы шетелдік бизнес департаментінің бас менеджері Хан Юлон Астанада салынып жатқан жеңіл рельсті көлік желісі (Astana LRT) қандай технология қолданып жатқаны туралы айтты.

Хан Юлонның айтуынша, LRT желісі Орталық Азиядағы алғашқы жүргізушісіз басқарылатын (автопилот жүйесі) жылжымалы құрам болмақ.

Astana LRT жобасы
Фото: China construction

- Astana LRT жобасы Қытай-Қазақстан екі ел арасындағы «Бір белдеу – бір жол» бастамасында айрықша маңызы бар жоба саналады. Сондықтан, біз бұл жобаға ерекше мән береміз. Жобаның сәтті және сапалы аяқталуы үшін құрылыс жұмыстарына «қытайлық стандартқа» негізделген соңғы технологияларды қолданып отырмыз. Мысалы, LRT желісінің жылжымалы құрамы қашықтықтан жүргізушісіз басқарылады, - деді China construction бас менеджері.

Astana LRT жобасы
Фото: China construction

Оның айтуынша, LRT желісінің Есіл өзенін кесіп өтетін жерінде жаңа көпір салынды. Жоба «ғасырлық жоба» стандартына сай болу үшін қытайлық жетекші технология қолданылды.

- Көпірдің жалпы ұзындығы - 155 метр. Бұл көпірдің негізгі арқалықтары болат конструкциядан құралып, көпір бетіне арматура араласқан бетон құйылады. Болат конструкция қытайдағы соңғы технология доғалық дәнекерлеу «роботы» арқылы дәнекерленіп, «құрастырмалы блок» әдісі бойынша құрылыс жүргізілді. Бұл күнде көпірдің негізгі құрылысы аяқталып, көпірдің жалпы салмағы 2598 тоннаны құрады, - деді Хан Юлон.

астана лрт
Фото: China construction

Жеңіл рельсті көлік жүйесінің (Astana LRT жобасы) қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында дыбыс кедергісі қолданылады.

Сондай-ақ, бұған дейін Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесінің (Astana LRT жобасы) жерүсті негізгі құрылыс жұмыстары қашан аяқталатынын жазған едік

 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram