10:20, 19 Қазан 2017 | GMT +5
«Астана»-«Маккаби» матчының жанкүйерлері үшін автобустар бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қазанда Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 3-туры аясында өтетін «Астана» - «Маккаби» командалары арасындағы ойынның жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында «Астана Арена» стадионына дейін арнайы автобустар ұйымдастырылатын болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Футбол ойынын тамашалаймын деушілерді 19 қазанда сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, «Жастар» сарайы, «Астаналық цирк» тұрақтарында жинайтын болады.
Жүру құны - 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер - жарамсыз.
Айта кетейік, жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар да ұйымдастырылады. Оларды қоғамдық көліктер сағат 22:30-да Қабанбай батыр даңғылындағы стадион тұрағы мен «Астана Арена» аялдамасынан әкетеді. Бұдан басқа, жанкүйерлер қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 маршруттық автобустарымен де кері қайта алады.