«Астана» - «Манчестер Юнайтед» кездесуі: елордалық жанкүйерлер стадион болып ән шырқамақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» мен англиялық «Манчестер Юнайтед» клубтары арасындағы ойында елордалық жанкүйерлер ән шырқамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл ақпаратты «Астана» ФК баспасөз қызметі ресми әлеуметтік парақшаларында таратты. Белгілі «12 ойыншы» фан-клубы жанкүйерлерді ән шырқауға шақырды. Яғни, клуб жанкүйерлері ойынның 25 және 75-ші минуттарында бүкіл стадион болып Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін айтуды ұсынады.
Айта кетейік, бүгін УЕФА Еуропа Лигасы футбол матчының өтуіне байланысты Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер жұмысы күшейтілді.
Фото: www.fcastana.kz