Астана маңына қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңындағы елдімекендерге баратын қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана маңына қатынайтын қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтады

«Ауа райының бұзылуына және жолдардың жабылуына байланысты қала маңына баратын келесі бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылды: № 313, 315, 316, 318», - деп мәлімдеді «Астана LRT» ЖШС.

Бағдарлар қозғалысының қалпына келгені туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.