20:42, 03 Ақпан 2019 | GMT +5
Астана маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қала маңына қатынайтын жаңа № 320 бағдар іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Astana LRT баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 ақпанынан бастап жаңа қала маңына қатынайтын № 320 бағдар іске қосылады. Осылайша, Қосшы ауылының сол жағы қаланың көлік инфрақұрылымына енгізілетін болады.
«Жаңа № 320 автобустың бағдары «Назарбаев Университеті» аялдамасынан, Қабанбай батыр даңғылымен Лесная поляна тұрғын үй алабына дейін, одан әрі Республика көшесімен Сүйінбай көшесіне дейін, сосын Қосшы ауылының сол жағымен «Муслим» дүкен-кафесіне дейін жүреді. Кері бағытта №320 бағдар жоғарыда көрсетілген сызбамен қатынайды», - делінген Astana LRT фейсбуктегі парақшасында.