19:08, 06 Ақпан 2019 | GMT +5
Астана маңында қар құрсауында қалған жүкті келіншек құтқарылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Қоянды елді мекені аумағында қар құрсауында қалып қойған айы-күні жетіп отырған жүкті келіншекті құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5 ақпан күні сағат 01-10-да төтенше жағдайлар қызметінің кезекшілік бөліміне Қоянды елді мекенінің аумағында айы-күні жетіп отырған жүкті келіншек бар көліктің қар құрсауында қалып қойғандығы туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына департамент бөлімшесі жіберілді. Олар жүкті келіншекті №1 перзентханаға жеткізіп, акушерлердің қолына табыстады», - делінген Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
5 ақпан күні сағат 20-00-ден бастап ТЖД бөлімшелері көлік көп жүретін Астана-Қорғалжын, Астана-Қосшы, Астана-Көкшетау, Астана-Атбасар, Астана-Павлодар және Астана-Қарағанды (айналма автомобиль жолы) бағыттарында шолғыншылық жасаған. Қар құрсауынан 60 жолаушы, оның ішінде 9 бала және 19 техника құтқарылған.