Астана маңында медициналық заттардың рұқсат етілмеген қоқыс алаңы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 желтоқсанда МЕТРО гипермаркетінің жанындағы «Нұрлы жол» вокзалының ауданында медициналық қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқысы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана маңында медициналық заттардың рұқсат етілмеген қоқыс алаңы анықталды

Астана қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп, ластаушы заттарды анықтау бойынша зерттеу және өлшеу жүргізу үшін сол жерге барды.

«Тексеру барысында полигонның көлемі шамамен 50 м3 құрайтындығы анықталды. Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы материал тіркеді. Бұдан әрі қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады»,-делінген хабарламада.

Фото: pbs.twimg.com