13:20, 05 Ақпан 2019 | GMT +5
Астана маңындағы ауылдарға қатынайтын бірқатар автобустар қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана маңындағы ауылдарға қатынайтын автобустар қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Astana LRT компаниясының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты № 307 және №317 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады», - делінген хабарламада.
Компания тұрғындарға барынша сақ болып, аязда тоңып қалмауды, барар жолдарынан алдын ала ойластырып алуды сұрайды.
«Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарлайтын боламыз. Қоғамдық көлікке қатысты жаңалықтарды компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларынан немесе сайтынан біле аласыздар», - делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан Павлодарға, Көкшетауға және Атбасарға шығатын жолдар жабылды. Сонымен қатар қалада бірінші және екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ өткізілмеді.