Астана маңындағы азық-түлік белдеуін құру аясында 18 жоба жүзеге асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2014 жылы Астана маңындағы азық-түлік белдеуін құру аясында 18 жоба жүзеге асты, деп хабарлады astana.kz.
Ақмола облысында Астананың маңында азық-түлік белдеуін құру аясында 11,8 млрд теңгенің 18 жобасы жүзеге асырылды, делінген strategy2050.kz сайтында жарияланған ақпаратта. Оның құрамына астық сақтау қоймалары бойынша 9 жоба, құс өсіру - 3, астық өңдеу - 2, ет шаруашылығы - 1, сүт өңдеу - 1, көкөніс сақтау мекемесінің құрылысы бойынша 2 жоба енген. Азық-түлік өнімдерін Астанаға жеткізуде 128 тауар өндіруші жұмыс істейді. Өткен жылы Астана базарларына 69,3 мың тонна сүт өнімі, 19,6 мың тонна ет өнімі және 230,5 млн дана жұмыртқа жеткізілген болатын.