Астана маңындағы азық-түлік белдеуінің құрылуының арқасында импорт үлесі - 20 пайызға төмендеді - И. Тасмағамбетов

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Астана маңындағы азық-түлік белдеуінің құрылуының арқасында импорт үлесі - 20 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан елорданы бұдан әрі қарай дамытуға арналған жиынла елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.
None
None

«Астана қаласы маңындағы азық-түлік белдеуін құру - сыртқы импорт үлесін 72 пайыздан 52 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. 2012 жылы жалпы қуаттылығы жылына 2,5 мың тонналық өнімге арналған 2 жылыжай кешені пайдалануға берілді. Сонымен қатар, өнімділігі жылына 3,5 мың тоннадан асатын 3 жылыжай жобалануда. Бұл нысандар толық күшіне енгенде 2013 жылы жылыжай өнімдеріне деген (қияр, қызанақ) маусымаралық қала сұранысының 80 пайызын жабады»,-деді елорда әкімі.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде елорда аумағында 5 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істеп жатыр. Олардың жалпы сақтау көлемі 23 мың тонна шамасында. Бұдан бөлек жалпы сақтау көлемі 50 мың тоннаға жуық 9 жоба құрылыс сатысында тұр. Пайдалануға берілген кезде 2013 жылы қала сұранысын 100 пайызға қамтиды.

«Сауда логистикасын дамытуда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме нарығы мен көлік логистикалық орталығының құрылысы салынуда»,-деді И. Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар