Астана маңындағы Башан көлінде ер азамат суға кетті
АСТАНА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте республикада 3 адам суға батып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астананың Есіл ауданындағы Башан көлінде кеше, мамырдың 19-ы күні қайғылы оқиға орын алды. 33 жастың шамасындағы ер азамат сағат 10.55-терде суға батып кетті. Оның денесі судан 15.05-терде шығарылды. Кеше сондай-ақ, Жамбыл облысындағы Аспара өзенінде түс мезгілінде суға шомылып жүрген 25 жастағы жігіт суға батып кетті. Оның денесін судағы құтқару қызметі іздестіруде. Кеше сондай-ақ, кешкі сағат 8-дерде Қызылорда облысындағы Сырдария өзеніне 23 жастағы жігіт батып кетті.