13:35, 19 Ақпан 2013 | GMT +5
Астана маңындағы бөгет елорданың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді - В. Божко
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Астана маңындағы тас бөгет болуы ықтимал тасқын судан елорданың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.

«Үш жыл бұрын салынған тас бөгет барлық қауіптің алдын алуға қауқарлы. Суды қамтитын жалпы көлем 450 млн. текше метрді құрайды», - деп нақтылады министр.
В. Божко елордалық мәслихат төтенше жағдайларға арналған бюджеттік бапты 15 есеге арттырғанын атап өтті.