Астана маңындағы елді мекендерде денсаулық акциясы басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13-17 шілде күндері сағат 10:00-16:00 аралығында елорда іргесіндегі Көктал кентінде жыл сайынғы "Денсаулық жолы" кең ауқымды шарасы өтеді, деп хабарлайды astana.kz.
Акция аясында денсаулық сақтау мамандары аталмыш кент тұрғындарына кеңестер беріп, әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу бойынша қажетті іс-шараларды өткізіп, тиісінше тұрғындарды диспансерлік бақылауға алады. Еске сала кетейік, жыл сайын 1 шілде мен 31 тамыз аралығында елімізде "Денсаулық жолы-2015" кең ауқымды шарасы өткізіледі. Шараның басты мақсаты - ауыл тұрғындарына қажетті медициналық көмек көрсету және салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.