Астана маңындағы Қосшы елді мекенінің инженерлік коммуникациялық жағдайын дамыту жұмыстары жүріп жатыр - С. Нокин

СТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елорда маңындағы Қосшы елді мекенінің инженерлік коммуникациялық жағдайын дамыту жұмыстары жүріп жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

«Астана маңындағы елді мекендерге коммуникация тартыла ма?», деген сауалға С. Нокин, «бізде тұрғын үй құрылысы бойынша мемлекеттік бағдарлама бар. Осы бағдарлама аясында тек елорда маңын ғана емес, сонымен қатар барша өңірлерді, яғни инженерлік коммуникацияны дамытуға жыл сайын 30 миллиард теңге бөлінеді. Нақты Ақмола облысы бойынша шамамен 1,8 миллиард теңге инженерлік желіге жаратылады»,-деп жауап қайтарды.

Оның айтуынша, қала маңындағы Қосшыға құрылыс жұмыстары мен басқа да инфрақұрылымға соңғы жылдары 8 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Басқа елді мекендерде Астана бойынша инвестиция тартылып, осы жүйелер дамуда. Атап айтқанда, жергілікті атқару органдары тиісті қаржыны қай елді мекендерге бөлу керектігін өздері анықтайды.

Соңғы жаңалықтар