Астана маңындағы күре жолда орын алған көлік апатында төрт адам жарақат алды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі көліктің соқтығысуы нәтижесiнде төрт адам ауруханаға жатқызылды,
None
None

деп хабарлайды облыстық ІІД-нің Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство мәлiметтерi бойынша, апат Астана-Петропавл тасжолының 28-шақырымында, таңертеңгі сағат 9-дар шамасында, 29 желтоқсан күні орын алды.

«Астанаға бет алған Хюндай шағын автобусының жүргiзушiсі жол қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпедi. Көру мүмкіндігі нашар, ауа райының қолайсыз жағдайында ол өз алдында автөкөліктердің кептелісінде тоқтап тұрған «Фольксваген Транспортер» автокөлігімен соқтығысқан», - делінген хабарламада.

Апат нәтижесiнде «Фольксваген Транспортер» көлігінде болған төрт жолаушы, соның iшiнде 4 жастағы бала жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы диагноздарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиғаға қатысты тергеу жүргiзiлуде.

Соңғы жаңалықтар