Астана маңындағы өртке қатысты соңғы деректер мәлім болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт сөндірушілер Астана маңындағы құрғақ шөптің өртенуін сөндіруді жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана маңындағы өртке қатысты соңғы деректер мәлім болды
Видеодан алынған кадр

«Елордалық ТЖД, сондай-ақ Ақмола және Қарағанды облыстарының келген өрт сөндірушілер 80 гектар аумақтағы өртті сөндіруді жалғастырып жатыр.

​Өрт басталғалы бері авиация 74 рет көлемі 222 тонна су ағызды. Өртті сөндіруге қазіргі уақытта барлығы 172 адам, 46 техника және 2 тікұшақ жұмылдырылды», - деп жазды ведомстводан.

Өрт сөндіруді ТЖ министрі Сырым Шарипханов өз бақылауында ұстауда.