Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астана маңындағы Талапкер кентін су басу қаупі әлі сейілген жоқ (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана маңындағы Талапкер кентіндегі үйлердің су астында қалу қаупі әлі сейілмей тұр, деп хабарлады «Қазақавтодор» РМК баспасөз қызметінен.

Астана маңындағы Талапкер кентін су басу қаупі әлі сейілген жоқ (ФОТО)

«Бүгінде Астана маңындағы Талапкер кентінің жағдайы көңіл көншітпейді. Жол маңындағы еріген су кентті су астында қалдыруы мүмкін», - делінген хабарламада.

«Қазақавтодор» РМК «жағдай бақылауға алынғанын» айтуда.

«Бұл жерді судан арылту үшін суды бұрып жіберетін қосымша арық дайындалуда. Комиссияның шешімімен Талапкер кентін құтқару үшін бұл аумақтағы республикалық маңыздағы жолдың құбырын жабу шешімі шығарылды», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.