Астана маңындағы Тайтөбе ауылының іргесін су басты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана маңындағы Тайтөбе ауылының іргесін су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астана маңындағы Тайтөбе ауылының іргесін су басты

null nullnull
Астана қаласына жақын маңдағы Целиноград ауданы Тайтөбе ауылының іргесін су басты. Ағыны қатты су ауыл шетіндегі бөгетті жырып кету қаупі бар. Тасқын су «Нұра» демалыс аймағына баратын тас жолдағы жалғыз көпірдің ернеуіне дейін жеткен.
null null 

Ал, жалғыз бөгет  жырылса, үйлерді су басып қалуы мүмкін. Себебі, бөгеттер тура үйлердің қоршауының қасында орналасқан. Ауыл тұрғындары: «бұл тасқынның басы ғана, негізгі су енді келеді. Егер жергілікті әкімдік алдын ала сақтық жұмыстарын жүргізбесе, үйімізді су алып кетуі мүмкін» деп үрейленіп отыр.
null null