15:50, 02 Сәуір 2010 | GMT +5
Астана маңындағы жасыл белдеуді 80 мың гектарға жеткізуіміз шарт - Н. Назарбаев
СТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астананың жасыл белдеуін 80 мың гектарға жеткізу керек. Бұл туралы бүгін Астанада елорданың алдағы дамуы мәселелеріне арналған сәулет-құрылыс кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ағаш отырғызған жердің көлемі Астана маңында 45 мың гектарға жетті. Егер елорданың солтүстік-шығыс жағында бұған дейін 15 мың гектар жерге ағаш отырғызылғанын ескерсек, онда 60 мың гектарға жетіп қалды. Атап айтқанда, Ақкөл, одан ары қарай Бурабай демалыс аймағы арасындағы орманды алқапқа қосу мақсат етіліп қойылды. Яғни, бұл жұмыстар аталған аралықта тұтас орман белдеуі болу үшін жасалуда. Кейінен орман өзі табиғи жолмен өсіп, аумағы кеңейетін болады», деді Елбасы.
«Біз бұл істі бәсеңдетпей, қаланың ішін және сыртын көгалдандырып, жасыл белдеуді 80 мың гектарға жеткізуіміз шарт», деді Н. Назарбаев.