Астана маңызды шараларды өткізе алу рейтингінде ТОП-бестікке енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көрмелік ғылыми-зерттеу орталығы R&C (Ресей) ШЫҰ мен ТМД мемлекеттерінің астаналары конгрестік-көрмелік деңгейін көрсететін бірегей халықаралық зерттеу жүргізді. Зерттеу қортындысы бойынша халықаралық рейтингтің үздік бестігіне Бейжің, Мәскеу, Киев, Нью-Дели және Астана енген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Астана маңызды шараларды өткізе алу рейтингінде ТОП-бестікке енді

Үздіктер тізімінде сондай-ақ Бішкек,Ташкент,  Душанбе, Минск, Кишинев, Нью-Дели, Исламабад, Ашхабад секілді әлем астаналары бар.

«Астана Конвеншн Бюро» ЖШС рейтингті құруда көп факторлы зерттеу пайдаланылған. Сарапталған көрсеткіштер бес топқа біріктірілген:

Материалдық-техникалық база - қаланың әртүрлі форматтағы іскерлік шараларды қабылдап, өткізу мүмкіндігін айқындайды.

Аймақты ілгерілету - іскерлік және ойын-сауық шараларын өткізуге тартымдылығын, оның туристік әлеуетін көрсетеді.

Ивент индустриясы саласында дестинация саясаты - нарықтың барлық қатысушыларының әкімшілік үйлестіру деңгейін байқатады. 

Ірі оқиғаларды өткізу - әртүрлі деңгейдегі шараларды ұйымдастырушыларға дестинацияның тартымдылығын көрсетеді. Соңғы үш жылда ауқымды халықаралық шараларды (спорттық, мәдени, іскерлік, үкіметтік) өткізу тәжірибесі бағаланады. 

Аймақтың рекреационды мүмкіндіктері - дестинацияның туристік контентінің тартымдылығын білдіреді. Айта кетейік, дестинацияның оқиғалық мүмкіндіктер рейтингісі - қазіргі таңда ресейлік нарықта баламасы жоқ жоба.

Рейтингтің авторы Көрмелік ғылыми-зерттеу орталығы R&C - Ресейдегі ивент индустрияда маркетингтік және консалтингтік қызметтердің толық спектрін ұсынатын жалғыз компания.