Астана марафоны: Әділбек Жақсыбеков 42,2 шақырымдық қашықтықты еңсерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қайырымдылық мақсаттағы халықаралық Астана марафонында 42,2 шақырымдық қашықтықтан өткен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков мәре сызығынан өтті.

 Астана марафоны: Әділбек Жақсыбеков 42,2 шақырымдық қашықтықты еңсерді

«Шынын айтсам, 42,2 шақырымды бағындыру оңай емес, яғни алдымен жақсы дайындық керек. Осы ретте баршасына алдын ала дайындалуға кеңес беремін. Жүгіру барысында тоқтауға ниет болды, бірақ соңына дейін жету мақсатын қойдым. Атап айтқанда, бүгінгі марафон өте жақсы шара ретінде есте қалады, бес мыңға жуық адам жарысқа қатысты. Шет елдерден көптеген адамдар келгені белгілі»,-деді Ә. Жақсыбеков.

Бұл тұрғыда ол осындай шаралар жастарды спортқа баулуға, денсаулыққа жақсы бастама екендігіне тоқталып өтті.

«Марафонды ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Бәсеке деңгейі жақсы ойластырылған. Мемлекет басшысы спорттың дамуына ерекше мән беріп отыр. Сондықтан осындай марафон керек деп есептеймін. Жалпы біз Елбасымызды қолдап, спортпен айналысып, елімізді сүйіп, спорттық және еңбек марафонына белсенді қатысуымыз қажет»,-деді Ә. Жақсыбеков.

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы 42,2 шақырымдық қашықтықты 4 cағат 22 минутта жүгіріп өтті.

null