Астана марафонына олимпиада чемпиондары қатысуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада қайырымдылық мақсаттағы ірі халықаралық Астана марафонына олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов қатысуда.

Астана марафонына олимпиада чемпиондары қатысуда

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі шараға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков, Үкімет мүшелері, бірқатар отандық және халықаралық компаниялардың өкілдері, ел тұрғындары, Қазақстанда тіркелген елшіліктердің қызметкерлері, сондай-ақ алыс және жақын 25 шетелдің атлеттері марафон қашықтығын жүгіріп өтпек. Атап айтқанда, қазіргі кезде айтулы спорттық жарысқа АҚШ, Бразилия, Германия, Ұлыбритания, Малайзия, Австралия, Бельгия, Иран, Ресей, Түркия, Грекия, Жапония, Қытай, Франция, Польша және басқа да елдердің азаматтары келді.

Марафон қашықтығы Астанадағы Есіл, Алматы және Сарыарқа аудандарын қамтып отыр. Осы ретте спорттық шара бірнеше санатта өтеді, яғни 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым қашықтықта жүгірулер ескеріліп отыр.

null null null