Астана марафонында жүгірген үлкен отбасылар мен жас жұбайлар сыйлық алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 тамыз күні өтетін Астана Халықаралық марафонында «Үлкен отбасы», «Жас жұбайлар» номинациялары бойынша  арнайы сыйлықтар қарастырылған. Ол үшін отбасы мүшелері немесе жас жұбайлар бірігіп үш дистанцияның бірін еңсеруі тиіс: 2017 метр, 10 км немес 42 км 195 метр, деп хабарлайды ortcom.kz.
None
None

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен  Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Астана Халықаралық марафонына арналған баспасөз мәслихатында белгілі болды. Баспасөз жиынына қатысқан  ШЫҰ бас хатшысы Рашид Әлімов шараның «Шанхай отбасына» кіретін мемлекеттерде ғана емес, басқа да елдерде қызығушылық тудырғанын айта келіп, марафон дәстүрінің жалғасатынын жеткізді.

«Бұл Астанаға бесінші рет келуім. Әр сапарымда ерте тұрып, қаланы жаяу аралаймын. Таза ауа, кеңістік - мұның  бәрі адамға ерекше көңіл-күй сыйлайды. Ал халықаралық марафонның Қазақстан астанасында өтуі мемлекеттер арасындағы өзара достықты, салауатты-өмір салтын насихаттайды деп сенемін», - деді ШЫҰ бас хатшысы.

Спикердің айтуынша шараға «ТАСС», «СинХуа» халықаралық ақпарат құралдары қолдау білдіреді. Ал еліміздің мемлекеттік арналары марафонның ашылу салтанаты мен марапаттау рәсімін тікелей эфирден көрсетеді.

ШЫҰ алғашқы марафоны 2016 жылы өткізілді. Оған төрт құрлықтан 15,6 мың адам қатысты. Марафон ШЫҰ құрылуына 15 жыл толуына орайластырылды. 

Соңғы жаңалықтар