Астана марафонының жеңімпаздары марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада қайырымдылық мақсаттағы халықаралық Астана марафонының жеңімпаздары марапатталды.

Астана марафонының жеңімпаздары марапатталды

астСонымен, 10 шақырымдық қашықтықта әйелдер арасында «қола» жүлдені Жақсыгүл Мұсырман, «күмісті» -  Алуа Шаймерденова (Астана), «алтын» жүлдені Мөлдір Мекенбаева (АҚШ) иеленді.

Ерлер арасында 10 шақырымдық жарыста үшінші орынды -  Алмас Алпыспаев, екінші орынды - Павел Овцынов, бірінші орынды  Азамат Сабыржанов жеңіп алды.

Атап айтқанда, бұл қашықтықта «қола» жүлдеге «Адидас» компаниясының атынан 30 мың теңгелік сертификат, «күміс» жүлдеге 50 мың теңгелік, сондай-ақ «алтынға» 80 мың теңгеге сертификат тапсырылды.

21,1 шақырым қашықтықта әйелдер арасында үшінші орын - Альмира Хайрутдиноваға, екінші орын -  Екатерина Шатнаяға, бірінші орын  Самал Исабаеваға бұйырды.

Ерлер арасында Құдайберген Зейноллаев - үшінші, Ғалымжан Жұмабаев - екінші, Агзам Арипжанов  бірінші болды.

Осы қашықтықта жеңімпаздарға арнай сертификаттар берілді.

Ал 42,2 шақырымда «қола» жүлде - Ақжан Ақажанға, «күміс» жүлде - Балнұр Асылбекке, «алтын» жүлде Ақмарал Мейірманға тапсырылды.

Сонымен қатар ер азаматтар арасында үшінші орынның жүлдесін - Манат Амет, екінші орынды  -  Сабыржан Қоссақ, үшінші орынды  Айдын Қасен жеңіп алды.

Марафон қашықтығы Астанадағы Есіл, Алматы және Сарыарқа аудандарын қамтыды. Осы ретте спорттық шара 4 санатта өтті, яғни 42,2 шақырым, 21,1 шақырым, 10 шақырым, сондай-ақ эстафеталық жүгірулер.

Астана Марафонын ұйымдастырушысы және негізін қалаушы Гауһар Брамлей-Фентонның сөзіне қарағанда, барлық түскен қаржы қайрымдылыққа жұмсалады. Осы ретте жиналған ақшаны толықтай есеп шығу үшін біршама уақыт керек. Себебі, осы жерде сауда-саттық та жүргізілді және одан түскен қаржы да қайрымдылыққа бағытталады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шараға қатысу үшін 3-7 мың теңге аралығындағы соманы төлеу керек. Оның құнына жүгірушіге арнайы пакет табысталады және жеңіл жейде, жыртылмайтын қағаздан жасалған нөмір, сондай-ақ басқа да қажетті заттар ұсынылады. Бұл марафон - қайырымдылық жарыс.

null null null