Astana Marathon-2021: Қандай көшелер жабық тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада Astana Marathon-2021 өтіп жатыр. Спорттық шара таңғы сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Нұр-Сұлтан әкімдігінің хабарлауынша, марафонға байланысты жүгіру бағыты толық немесе ішінара өтетін көшелер жабылады.

Желаяқтар екі қашықтық бойынша жүгіреді: 10 км және 42,2 км. 10 км қашықтықта өтетін бағыт: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов бағыты бойынша өтеді. 42.2 км жүгіру келесі бағыт бойынша өтеді: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік ел – Қалдаяқов – Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Нұрмағамбетов – Байтұрсынов – Қошқарбаев – Жұмабаев – Момышұлы – Абылай хан – Қажымұқан – Жұмабаев – Қошқарбаев – Қонаев – Қазақ радиосы – Достық – Мәңгілік Ел – Рысқұлов.

Сонымен қатар, марафонды өткізу аясында сағат 07:00-ден 14:00-ге дейін 57 қозғалыстағы қоғамдық көліктің жүру бағыты өзгереді. Олар: № 2, 3, 4, 4А, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 29, 30, 31, 33, 35, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 51, 52, 53, 54, 56, 60, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321. Сондай-ақ 7 бағыттың қозғалысы тоқтатылады: №№ 15, 15а, 18, 32, 47, 50, 323. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қоғамдық көліктің жұмысы көшелер ашылғаннан кейін қалпына келтіріледі.

Маршруттардың қозғалыс схемасын «City Transportation Systems» компаниясының Instagram желісіндегі ресми парақшасынан табуға болады: @cts_kz. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.


Соңғы жаңалықтар