«Астана-Мәскеу» бағытындағы пойыздың құрамы жаңартылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ заманауи ауаны желдету жүйесімен, «Жүгіртпе жол» ақпараттық тақтасымен, бейнемониторлармен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған 52 жаңа жолаушылар вагонын сатып алды.

«Астана-Мәскеу» бағытындағы пойыздың құрамы жаңартылуда

«Тверь вагонқұрылысы зауыты» ААҚ құрастырған құрамның штаб вагонында автоматты көтеру құрылғысы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы купесі бар.

Ал үстіміздегі жылдың 15 шілдесінде «Астана-Мәскеу» бағытындағы пойыздың жаңартылған бірінші құрамы аттанды. 16 шілдеде «Маңғышлақ-Бейнеу» пойызының құрамы жаңа вагондармен қамтамасыз етілді.

5 тамызда «Астана-Мәскеу» бағытынадағы пойыздың екінші құрамы жаңартылды, аталмыш пойыздың барлық құрамын толықтай жаңарту үстіміздегі жылдың 7 тамызында аяқталады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.