Астана мәслихатының төрағасы сайланды
АСТАНА. KAZINFORM – Зейнұлқабден Табиғат Астана қаласы мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Қалалық мәслихатта Астана қаласы мәслихаты төрағасының м. а. Асқар Смағұловтың төрағалығымен сегізінші сайланым мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтуде.
Күн тәртібінде Астана қаласы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе, Астана қаласы мәслихатының төрағасын атқаратын қызметінен босату туралы мәселе, сондай-ақ Астана қаласы мәслихатының төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды.
Сессия қорытындысы бойынша Зейнұлқабден Табиғат Астана қаласы мәслихатының төрағасы болып сайланды.
Ол 1974 жылдың 3 қазанында Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жантілек ауылында дүниеге келген. Үйленген, үш баласы бар.
Зейнұлқабден Табиғат С. Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университеті (1998 ж.), «Экономист-менеджер» мамандығын; М. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университеті (2002 ж.), «Құқықтану» мамандығын; М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (2002 ж.), «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығын бітірген.
Еңбек қызметі:
- 03.01.1996 ж. - 18.10.2002 ж. – «Целинстрой» ЖШС жабдықтау инженері, Ақмола қ.;
- 08.11.2002 ж. - 16.01.2004 ж. – «Қарағанды Жылу» ЖШС БЭ БПП бастығының орынбасары, Қарағанды қ.;
- 19.01.2004 ж. - 30.11.2005 ж. – «Қар МұнайТрейдинг» ЖШС директоры, Қарағанды қ.;
- 01.12.2005 ж. - 13.01.2009 ж. – «Қарағанды Су» ЖШС атқарушы директоры, Қарағанды қ.;
- 15.01.2009 ж. - 01.12.2009 ж. – «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» РМК бас директорының орынбасары, Астана қ.;
- 19.09.2011 ж. - 15.05.2012 ж. – «Тұлпар-Тальго» ЖШС жабдықтау бастығы, Астана қ.;
- 25.12.2012 ж. - 18.08.2014 ж. – «Арыстан «BuildingCompany» ЖШС, «Трансстройгрупп» ЖШС директоры, Қарағанды қ.;
- 19.08.2014 ж. - 08.08.2016 ж. – «Қарағанды Су» ЖШС бас директоры, Қарағанды қ.;
- 20.08.2016 ж. - қазіргі уақытқа дейін - Астана қаласы әкімдігінің «Астана су арнасы» ШЖҚ МКК бас директоры.
Ерен Еңбегi үшiн» медалі (2015 ж.), «Құрмет» орденімен (2022 ж.) наградталған.
2023 жылғы 29 наурызда Астана қаласының мәслихатының VIII сайланымының депутаты болып сайланды.
Еске салсақ, жақында Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов қызметінен кеткенін жазған едік.