«Astana Masters 12 & under President's Cup» балалар турнирінің жеңімпаздары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Президент Кубогі аясында өткізілген, сыйақы қоры 25 000 долларды құраған 12 жасқа дейінгі балалар арасындағы «Astana Masters 12 & under President's Cup» турнирі өтті.
Астанадан Жанел Рүстемова және Алматыдан Кирилл Колганов турнир жеңімпаздары атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының сайтында хабарланды.
Финалдық бәсекеде астаналық Жанел Рүстемова өскемендік Татьяна Николенкодан 6:3, 6:2 есебімен басым түсті. Үшінші орынды астаналық Сандуғаш Кенжебаева олжалады.
Ал балалар арасындағы ақтық сайыста алматылық Кирилл Колганов Қарағандыдан келген Эрик Жақияновты 7:5, 6:2 есебімен ұтты.
Үшінші жүлделі орын шымкенттік Бекжан Ережепке бұйырды.